Қазақстандық теннисші Катардағы турнирде жеңімпаз атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық теннисші Катардағы турнирде жеңімпаз атанды

Қазақстандық теннисші Катардағы турнирде жеңімпаз атанды

Қазақстандық теннисші Гөзал Айнитдинова халықаралық 1st Qatar ITF Junior Open 2014 жасөспірімдер турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Қазақстанның теннис федерациясы.

  • 27 Наурыз 2014
  • 376
Фото - Caravan.kz

Г.Айнитдинова финалда үш сетте чех Наталья Калмунзерованы 4:6, 7:5, 6:3 есебімен жеңді. Сонымен бірге Айнитдинова өзінің жерлесі Милана Лысовамен жұптасып, осы турнирдің жұптық разрядында да жеңіске жетті. Шешуші жекпе-жекте олар Лалита Девараконд (Үндістан) пен Лусиану Рабинестің (АҚШ) интернационалдық дуэтін ұтып шықты.

Турнирдегі жеңісіне дейңн Гөзал Айнитдинова жартылай финалда турнирдің 8-ші ракеткасы Лусиану Рабинесті 6:3, 6:1 есебімен, ширекфиналда Венгриядан Панна Увардудан басым түскен болатын. Екінші айналымда британдық Алис Мкгинтуды, ал матч басында француз Лаура Шанюонды тізе бүктірді.

«Team Kazakhstan» ойыншысы  Г. Айнитдинова бұдан бұрын Әбу-Дабидегі жасөспірімдер арасындағы халықаралық туринирде жеңіске жеткен болатын.


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера