Бұл рейтінгті америкалық «Bleacher Report» спорт порталы құрды, деп жазады Vesti.kz.
Кәсіпқой рингте Г. Головкин 29 кездесу өткізіп, барлығында да жеңіске жетті және оның 26-сын нокаутпен аяқтады. Қазақстандық спортшы әлемнің қазіргі кездегі барлық чемпиондары арасында үздік нокаутшы болып танылды.
Аталған рейтингте бірінші орынды WBA, WBO, IBF және IBO нұсқалары бойынша ауыр салмақтағы әлем чемпионы украиндық Владимир Кличко иеленді. Сонымен қатар тізімдегі үштікке WBO нұсқасы бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы ресейлік Сергей Кобалев енді.