Ішімдікке тәуелділіктен арылтатын ұялы телефон бағдарламасы ойлап табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ішімдікке тәуелділіктен арылтатын ұялы телефон бағдарламасы ойлап табылды

Ішімдікке тәуелділіктен арылтатын ұялы телефон бағдарламасы ойлап табылды

АҚШ-та адамдарды алкоголь өнімдерін тұтынудан сақтандыратын ұялы телефондарға арналған бағдарлама ойлап табылды. 

  • 28 Наурыз 2014
  • 341
Фото - Caravan.kz


Американың медициналық қауымдастығының ресми жаршысында жарияланған мәліметтерге сәйкес, аталмыш бағдарлама смартфон иесі келушілерге ішімдік ұсынатын ғимаратқа жақындағанда қатты дыбыс беріп, дабыл қағады екен. 

Сондай-ақ A-CHASS бағдарламасының қосымша қызметтеріне пайдаланушыларға ішімдіктің зияны туралы ақпараттар жіберіп отыру мен олардың арасында сауалнама жүргізу де кіреді. Егер жауаптар қандай да бір күдік тудырса, бағдарлама бұл туралы дереу дәрігерге хабар жеткізеді.

Сонымен қатар «ақылды» бағдарлама орнатылған смартфон ішімдікке тәуелділікпен күрес жүргізетін сарапшылармен шұғыл байланысқа шығып, ғаламтордағы сәйкес сілтемелерге бағыттап отырады, деп жазады ИТАР-ТАСС.

Аталмыш мақалада Висконсин, Массачусетс және Иллинойс штатының медицина мамандары жүргізген зерттеу нәтижелері келтірілген. Олар алкоголизмнен арылуға ниеттенген 349 адамды бір жыл бойы бақылаған. Олардың 170-сі басқа тәсілдермен қоса, аталмыш бағдарламаны да пайдаланған, ал 179-ы оны қолданбаған.

Нәтижесінде ғалымдар бірінші топтың өкілдері екінші топтағылармен салыстырғанда, алкоголь өнімдеріне тәуелділіктен жылдам әрі тиімді арылған деген тұжырым жасады.