«Бакудегі сыйымдылығы 2200 жанкүйерге арналған «Серхедчи» олимпиадалық спорт кешенінде өтетін турнирге УЕФА кубогының игері Алматының «Қайрат», испандық «Барселона», әзербайжандық «Араз» және мәскеулік «Динамо» клубтары қатысады», — делінген хабарламада.
Кездесу кестесі (Баку уақыты бойынша — Астана уақытымен екі сағат айырмашылық бар)
24 сәуір
18:30 Қайрат — Динамо
21:00 Араз — Барселона
25 сәуір
демалыс күні
26 сәуір
19:00 үшінші орын үшін матч
21:30 Финал
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Алматының «Қайрат» командасы отандық шағын футбол тарихында алғаш рет жартылай финалда Испанияның «Барселонасын», ал финалда Мәскеудің «Динамосын» ұтып, УЕФА кубогының иегері атанған болатын.