Танымал блокбастердің жалғасы қазақстандық прокатқа 24 сәуірде 3D форматында қазақ және орыс тілдерінде шығады. Әзірге фильм тек жеті тілге аударылған, соның ішінде қазақ тілі де бар. Фильмді қазақ тіліне аударуды Sony Pictures студиясы қолға алады және ол әлемдік стандарттарға сай жасалмақ.
Жобаны «Алтын Қыран» қайырымдылық қорының қаржылық көмегімен «Болашақ» қауымдастығы мен Marwin компаниясы қолға алды.
Айта кетейік, бұл «Болашақ» қауымдастығы аударуға кіріскен жетінші жоба. Бұның алдында «Көліктер-2», «Қара киімділер 3», «Батыл жүрек», «Жаңа Өрмекші-адам», «Монстрлар Университетi», «Жалғыз рейнджер» фильмері қазақша сөйлеген болатын.