Алматыда Универсиада-2017 спорттық нысандарының құрылысы сәуiрде басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Универсиада-2017 спорттық нысандарының құрылысы сәуiрде басталады

Алматыда Универсиада-2017 спорттық нысандарының құрылысы сәуiрде басталады

2017 жылы елімізде өтетін XXVIII Дүниежүзілік қысқы Универсиада жарыстарына арналған спорттық нысандар 2014 жылдың сәуiрiнде салына бастайды. Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Ұлттық студенттік спорт федерациясының президенті Қайрат Закарьянов мәлiм ет?

  • 3 Сәуiр 2014
  • 464
Фото - Caravan.kz

«Түркияның Эрзерум қаласында 2011 жылы өткен Универсиадаға 500 млн. доллар жұмсады. Алматыда 12 мың және 3 мың орынға арналған екi iрi спорттық нысан салынады. Сонымен қатар спортшыларға олимпиада ауылы салынады. Кейiн ол Алматы қаласының студенттерiне берiледi. Бүгiнде қалада студенттiк жатақханалар тым аз екенiн бiлемiз. Егер осы 3 нысанды салатын болсақ, оның құны Эрзерум қаласындағы Универсиададан аз болады», — дейдi ол.

Оның айтуынша, нысандар қазiргi уақытта бекiтiлдi және нақты құны анықталу үстiнде.


«Алматы әкiмi Ахметжан Есiмовтiң бiзге мәлiм еткенiндей, Универсиада нысандарының құрылысы биыл сәуiрде басталады», — дедi Қ. Закарьянов.

Айта кетейiк,  Қазақстанға Халықаралық студенттік спорт федерациясының (FISU) президенті Клод-Луи Галльен бастаған арнайы комиссия келдi. Олар Алматының Универсиадаға деген дайындығын тексеруде.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера