ФУТБОЛ: Франция - Қазақстан 7:0 - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ФУТБОЛ: Франция - Қазақстан 7:0

ФУТБОЛ: Франция - Қазақстан 7:0

Футболдан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының 7-ші іріктеу тобында Қазақстан құрамасы сырт алаңда француз қыздарына 0:7 есебімен ойсырай ұтылды, деп хабарлайды sports.kz.

  • 6 Сәуiр 2014
  • 549
Фото - Caravan.kz

Алғашқы таймның өзінде Франция бес жауапсыз доп соқты, үзілістен кейін үшжолақтылар тағы екі мәрте біздің қақпаны дәл көздеді. Мари-Лор Дели, Камиль Абили мен Гаэтан Тиней қос-қостан доп тоғытса, Элоди Томис бір рет қақпашымызды қапы қалдырды. Қазақстандық қыздар қарсыластар қақпасына қарай бірде бір соққы бағыттай алмады.

Алты ойыннан кейін бір ұпай еншілеген Қазақстан әйелдер құрамасы турнир кестесінің соңынан ойып тұрып орын алған. 7 мамыр күні Калоян Петков баптайтын команда Болгариямен өз алаңында ойнайды.

Франция — Қазақстан 7:0 (5:0)


Голдар: Дели 9 (1:0), Дели 12 (2:0), Томис 14 (3:0), Абили 21 (4:0), Абили 24 (5:0), Тиней 54 (6:0), Тиней 88 (7:0).

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера