«Қайрат» командасы жанкүйерлерінің «қылығы» үшін жазалануы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қайрат» командасы жанкүйерлерінің «қылығы» үшін жазалануы мүмкін

«Қайрат» командасы жанкүйерлерінің «қылығы» үшін жазалануы мүмкін

«Қайрат» командасы Қазақстан чемпионатының бесінші турында «Астанамен» болған матч кезіндегі жанкүйерлерінің қылығы үшін жазаға тартылуы мүмкін.  Жанкүйерлер қайраттық екі ойыншы мен команданың жаттықтырушысына қызыл карточка көрсеткен судьяға тіл тигізген болатын, деп хабарлайды Vesti.kz. тілшісі.

  • 11 Сәуiр 2014
  • 447
Фото - Caravan.kz

Әңгіме кездесудің соңында орын алған оқиға жайында болып отыр. Алматылық команданың жақтаушылары «Қайрат» командасының екі ойыншысы мен бас жаттықтырушысы Владимир Вайссты алаңнан қуған бас төрешіге қаратып дөрекі сөздер айтып, тіл тигізген болатын.

Қазақстан футбол федерациясының Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Измаил Бзаровтың айтуынша, «Қайрат» — «Астана» матчының инспекторы жанкүйерлерге қатысты ақпаратты рапортқа енгізген.

«Жанкүйерлер матчтың ресми өкілдеріне қаратып дөрекі сөздер айтты (соның ішінде төрешілер бригадасына). Инспектор баянатының негізінде жақын арада БТК-нің отырысы өтіп, онда матчтағы аталған оқиға мен басқа да эпизодтар қаралады»,  — деді Бзаров.

Еске сала кетсек, аталмыш кездесу Алматы қаласындағы Орталық стадионда өтіп, тең есеппен аяқталып еді. Сол ойыннан кейін «Астана» командасы 11 ұпаймен турнирлік кестеде екінші орынға, ал «Қайрат» 4 ұпаймен оныншы орынға тұрақтады.


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера