Алматыдағы марафонға байланысты көлік қозғалысы шектеледі - kaz.caravan.kz
  • $ 460.8
  • 541.21
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы марафонға байланысты көлік қозғалысы шектеледі

Алматыдағы марафонға байланысты көлік қозғалысы шектеледі

Алматыда марафон өткізілуіне байланысты бірнеше көше жолдары жабылады. Бұл туралы бүгін марафон ұйымдастырушылары хабарлад

  • 14 Сәуiр 2014
  • 428
Фото - Caravan.kz

Сонымен, 19 сәуірден 20-сына қараған түнде Астана уақыты бойынша сағат 01.00-ден 03.00-ге дейін әл-Фараби даңғылының солтүстік жағында ішінара жол жабу жоспарланған.

20 сәуірде сағат 8.00-ден 15.00-ге дейін әл-Фараби даңғылының солтүстік жағынан, ШААЖ батыс жағынан және Абай даңғылының оңтүстік жағынан ішінара жол жабылады.

Сағат 08.00-ден 14.00-ге дейін Абай даңғылынан әл-Фараби даңғылының қиылысына дейінгі Сейфуллин даңғылының бөлігі жабылады.


Еске сала кетейік, 20 сәуірде Алматыда II Алматы марафоны өтеді. Оған тек Қазақстаннан ғана емес, әлемдегі басқа да — АҚШ, Ұлыбритания, Түркия, Литва, Швеция, Ресей, Оңтүстік Корей және т.б. елдерден 10 мыңға жуық адам қатысады. Жүгіру сағат 8.00-де ҚР Тұңғыш Президенті саябағынан басталып, Орталық стадионда аяқталады.