Келесі жолы Олимпиададан алтынмен ораламын - Денис Тен - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Келесі жолы Олимпиададан алтынмен ораламын - Денис Тен

Келесі жолы Олимпиададан алтынмен ораламын - Денис Тен

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи-2014 Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен ҚР Президенті Н.Назарбаевқа Олимпиаданың алтын медалін жеңіп алуға уәде етт

  • 18 Сәуiр 2014
  • 486
Фото - Caravan.kz

«Нұрсұлтан Әбішұлы, мен шұғылданатын спорт түрінде барлық өрендер 5 айналым секіріс жасауды армандайды. Кімде кім оны жасайтын болса, абсолюттік чемпион атанады. Сіздің 2050 даму стратегияңыз Қазақстанға бірден 50 айналым секіріс жасауға мүмкіндік береді. Егер ол бағдарламаны орындасақ, Қазақстан әлемнің ұлы «чемпиондарының» тізіміне енеді. Ассамблеяның биылғы сессиясына мен Олимпиада ойындарындағы алғашқы жүлдемен келіп отырмын. Келесі жылы ол медаль алтынға айналуына бар күшімді саламын деп уәде етемін», — деп атап өтті спортшы бүгін Астанада өткен ҚХА XXI сессиясы отырысында.


«Сіз спортты жақсы көресіз. Сіздің мұқалмас рухыңыз өндірісте және спорттық күресте шыңдалды. Ол кезде сіздерде қазіргідей спорттық жағдайлар болған жоқ. Сіз қазақстандық олимпиадашыларға барлық жағдай жасап бердіңіз. Қазіргі уақытта Қазақстанда 35 мыңнан астам  спорттық орталықтар бар. Жас қазақстандық спортшылар 2017 жылы Алматы қаласында өтетін Бүкіләлемдік Универсиадаға дайындалуда. Біз сонымен қатар Қазақстан 2022 жылғы Олимпиаданы Алматыда өткізу құқығын жеңіп алады деп сенеміз», — деді Д.Тен.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера