Төрт қазақстандық боксшы финалға шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 460.8
  • 541.21
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Төрт қазақстандық боксшы финалға шықты

Төрт қазақстандық боксшы финалға шықты

София қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында төрт қазақстандық боксшы финалға шықты.

  • 24 Сәуiр 2014
  • 501
Фото - Caravan.kz

Алғашқы жолдаманы 49 келі салмақ дәрежесінде  Шалқар Айдынбай еншіледі. Ол жартылай финалдық бәсекеде Үндістан боксшысы Шуан Какарудан 2:1 есебімен басым түсті.

Тап осындай есеппен тағы екі қазақстандық — Сұлтан Зауырбек (56 келі) Ұлыбритания спортшысы
Петер Макграинды, ал Вадим Казаков (81 келі) норвегиялық Вегар Трегренді ұтты.

Абылайхан Жүсіпов (60 келі)
 болса, өзбек боксшысы Икболжан Холдоровты айқын басымдықпен
жеңді — 3:0.

Финалдық жекпе-жектер ертең, 25 сәуірде өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.