«Чемпионатта көп нәрсе өзімізге байланысты болмақ. Мақсатымыз — жоқ дегенде үздіктердің алтылығына ену, ал ең басты міндетіміз — жартылай финалға өту. Барлық ойындарға тас-түйін дайындаламыз. Әрине, фавориттермен ойнау қиын болатыны анық, дегенмен біз өз хоккейімізді көрсетеміз. Жақсылап ойнаймыз! Қазір ең бастысы — чемпионатқа барынша нық қадаммен жету», — деді Талғат.
Оның айтуынша, дайындық жиындарының алғашқы 4 күні қиын болған. Көп жігіттер демалысынан енді ғана шыққан. Дегенмен, барлығы бар күшімен дайындыққа кірісіп кетті.
«Жеңіске деген ынта-жігеріміз мол. Кевин Даллман келді, көп кешікпей Николай Антропов та қосылады. Жаттықтырушы барын салып жатыр. Оның бізден не талап ететінін толық түсінеміз және сол талаптарын орындауға тырысамыз», — деді хоккейші.