Бокс: Софияда жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында екі қазақ - чемпион - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бокс: Софияда жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында екі қазақ - чемпион

Бокс: Софияда жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында екі қазақ - чемпион

Бокстан Болгария астанасы Софияда жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақ боксшылары екі алтын, екі күміс медаль иеленді.

  • 25 Сәуiр 2014
  • 1547
Фото - Caravan.kz

49 келіде Шалқар Айқынбай өзбек Сүлеймен Латиповты ұтты. Үш төреші де 29:28 есебімен жеңісті қазақ боксшысына берген.

60 келіде Абылайхан Жүсіпов румын Арсен Мустафаны жеңіп, әлем чемпионы атанды. Үш төреші де жеңісті Абылайханға берді.

56 келіде Сұлтан Зәуірбек кубалық Хавьер Иванестен ұтылып, әлемнің вице чемпионы атанды.

81 келіде Вадим Казаков болгар Благо Найданевке есе жіберіп, күміспен күптелді.

Қыздар арасында Алуа Балқыбекова қола жүлдегер атанды.

Осылайша, Қазақстан ұпай бойынша жалпы есепте бірінші орын алса, екінші орынды АҚШ, үшінші орынды Ресей иеленді — деп жазады
Alaman.kz
сайты.

Айта кету керек, аталмыш әлем чемпионтаныда кәсіпқой боксшы, IBА чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері  Марат Мәзімбаев пен  халықаралық спорт шебері, Сидней Олимпиадасының жеңімпазы Ермахан Ибраимов  қазақстандық жасөспірім боксшылардың басы-қасында болып,  жерлестеріне рух беріп отырды. 

Фото Марат Мәзімбаевтың жеке мұрағатынан алынды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера