Бүгінгі кеште «арландар» сапынан 52 келідегі Ілияс Сүлейменов пен 60 келідегі Самат Бәшенов, 69 келіде Манат Өмірзақов әзербайжандықтардан басым бола алмады. Тек 81 келідегі Хрвое Септің мерейі үстем болды.
91 келіден жоғары салмақтағы «арлан» — Филипп Хргович әзербайжандық Хаджи Муртузалиевпен жекпе-жекке шығып, төрешілер «Baku Fires» боксшысын жеңімпаз деп таныды.
Осы жекпе-жектен кейін «Baku Fires» жартылай финалдың қос кездесуіндегі ұпай саны бойынша 6-4 есебімен финалға өтті. Финалда әзірбайжандықтар Куба командасымен кездеседі.
Атап өтейік, аталған жекпе-жекті «KAZsport» арнасы тікелей эфирде көрсетті.