Головкиннің Чавеспен жекпе-жегі болмаған жағдайда өзге қарсыласы бар - kaz.caravan.kz
  • $ 460.8
  • 541.21
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Головкиннің Чавеспен жекпе-жегі болмаған жағдайда өзге қарсыласы бар

Головкиннің Чавеспен жекпе-жегі болмаған жағдайда өзге қарсыласы бар

WBA және IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мексикалық Хулио Сезар Чавеспен жекпе-жек болмай қалған жағдайда қарсыласы кім болатынын айқындады.

  • 6 Мамыр 2014
  • 361
Фото - Caravan.kz

 Бұл туралы Yahoo! Sports-ға берген сұхбатында бапкер Том Леффер мәлімдеді, делінген GGG ВКонтакте беттерінде.

 Леффлердің айтуынша, ол НВО басшылығымен басқа да мүмкіндіктерді талқылауды жоспарлауда. Өйткені шілде айындағы жекпе-жекті кейінге қалдырғысы келмейді.

 Сондай-ақ Головкиннің бапкері WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы чемпиондар — Питер Куиллин мен Дэниел Джейкобс шілдедегі кездесуде Головкинге қарсы бірден-бір ықтимал үміткер болатынын айтты.


Бұдан бұрын хабарланғандай, Головкин мен Чавес арасындағы жекпе-жек Лос-Анджелестегі «Форум» (Forum) жабық аренасында 19 шілдеге белгіленген. Егер тараптар уағдаластыққа келе алмаса, қазақстандық дәл сол күні, бірақ Нью-Йоркте рингке шығатын болады.