Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Ари-Пекка Селин жеңіліс себебін түсіндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Ари-Пекка Селин жеңіліс себебін түсіндірді

Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Ари-Пекка Селин жеңіліс себебін түсіндірді

Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері  Ари-Пекка Селин  Германия құрамасымен өткен кездесуден кейін ойын туралы өз пікірімен бөлісті. Бұл туралы «KAZsport» хабарлады.

  • 11 Мамыр 2014
  • 359
Фото - Caravan.kz

Бапкердің айтуынша, оның шәкірттері кездесудің алғашқы және соңғы кезеңдерінде нашар ойын көрсеткен.

«Германия құрамасын бұл жеңісімен құттықтаймын. Біз алғашқы кезеңде мүлдем ойынымызды көрсете алмадық. Екінші кезеңде тізгінді қолға алғандай болып едік,  бірақ шешуші кезеңде алаңнан қуылудан арылмадық. Бүгінгі ойында алған бір ұпай біз үшін маңызды. Қарсыластар командасы кілең жастардан тұрады, жеңіске жетулерінің бір себебі сол», деп қорытындылады  Ари-Пекка Селин.

Естеріңізге сала кетейік, шайбалы хоккейден Минскіде өтіп жатқан әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы бүгін алғашқы кездесуін Германия құрамасына қарсы өткізіп, негізгі уақыт 1:1 есебімен тең аяқталғанымен, буллиттер сериясында жеңіліс тапты.



Ертең, мамырдың 11-де Қазақстан құрамасы айдын иелері — Беларусь құрамасымен кездеседі.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера