Әлем чемпионатының екінші матчында ойнайтын Қазақстан құрамасының құрамы жасақталды - kaz.caravan.kz
  • $ 460.8
  • 541.21
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлем чемпионатының екінші матчында ойнайтын Қазақстан құрамасының құрамы жасақталды

Әлем чемпионатының екінші матчында ойнайтын Қазақстан құрамасының құрамы жасақталды

 Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Ари-Пекка Селин хоккейден Әлем Чемпионатының екінші матчында ойнайтын спортшылардың тізімін берді, деп хабарлайды Қазақстанның шайбалы хоккей федерациясының баспасөз қызмет

  • 11 Мамыр 2014
  • 311
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлік штабы өтінімге өзгерістер енгізбеуді шешті. Беларусьпен болатын ойында ұлттық құрама кешегі құраммен шығатын болады», — делінген хабарламада.

Қақпашылар: Виталий Еремеев, Алексей Иванов.

Бірінші бестік: Вадим Краснослободцев, Николай Антропов, Роман Старченко. Қорғаушылар: Алексей Литвиненко — Кевин Даллмэн.

Екінші бестік: Константин Пушкарев, Дмитрий Уппер, Константин Романов. Қорғаушылар: Артемий Лакиза — Роман Савченко.


Үшінші бестік: Талғат Жайлауов, Федор Полищук, Андрей Гаврилин. Қорғаушылар: Антон Казанцев — Алексей Васильченко.

Төртінші бестік: Михаил Паньшин, Андрей Спиридонов, Михаил Рахманов. Қорғаушылар:  Евгений Блохин — Максим Семенов.

Әлем біріншілігінің қожайындарымен болатын кездесу Астана уақытымен 20.30 сағатта басталады.

Айта кетейік, ӘЧ-нің алғашқы матчында Қазақстан Германия құрамасынан буллит бойынша жеңіліп қалды.