Шешуші кезеңде Шарапова Румыния теннисшісі Симона Халепті 1:6, 6:2, 6:3 есебімен тізе бүктірді.
Өз кезегінде жеңімпаз: «Біз Симона екеуіміз бұрын да кортта кездескенбіз, бірақ ол соңғы кезде жоғары деңгейде ойнап жүр. Шынымды айтсам, оны қалай жеңгенімді білмеймін. Бірінші сетте оның осал тұсын таба алмадым. Сондықтан екінші сетте ойын мәнерімді өзгертуім керек екенін түсіндім. Бірінші кезеңде ойсырай жеңілсем де, мойымай, жеңіске ұмтылдым» деді.
Айта кетейік, Мария былтыр дәл осы турнирдің финалынан аса алмаған. Оның жолын америкалық Серен Уильямс кескен еді.