Қазақстанның спорт журналистері бір құрылымға бірікті - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның спорт журналистері бір құрылымға бірікті

Қазақстанның спорт журналистері бір құрылымға бірікті

Қазақстанның спорт журналистері федерациясының кеңесінде Қазақстанның спорт баспасөзі қауымдастығымен бір құрылымға бірігу туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ федерацияның жаңа президенті сайланды.

  • 12 Мамыр 2014
  • 440
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.

ҚР Ұлттық Олимпиада Комитетінде өткен кездесуде республикалық қоғамдық бірлестіктің мүшелерінен өзге, Универсиада-2017 атқарушы дирекциясының директоры Илия Оразақов пен ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің маркетинг жөніндегі директоры Сергей Королев болды.

Жуырда Бакуде өткен AIPS конгресінде Халықаралық спорт баспасөзі қауымдастығының президенті Джанни Мерло: «Қазіргі таңда сіздің елге бүкіл әлем назарын тігіп отыр. Алматыда 2017 жылғы Универсиада өтеді, сондай-ақ оңтүстік астаналарыңыз 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер болып отыр. Осыған байланысты біз сіздерден спорттық журналистика саласында үлкен белсенділік күтеміз, яғни репортерлер үшін семинарлар ұйымдастырылып, жас тілшілерді үйрету бағдарламасы қолға алынса, халықаралық спорт федерацияларымен тығыз қарым-қатынастар орнатылса құба-құп», — деген еді.

Алдағы ауқымды спорттық шаралар қазақстандық спорт журналистерінің алдына зор талаптар пен міндеттер қойып отыр, оларды тек күш біріктіру арқылы еңсеруге болады. Сондықтан мұнда қазақстандық спорт журналистері федерациясы мен Қазақстанның спорт баспасөзі қауымдастығының бірігуі басты тақырып болды. Ашық дауыс беру барысында жиынға қатысушылардың барлығы бірлестік бастамасын қолдады. Сондай-ақ ҚСЖФ Қазақстанның спорт баспасөзі қауымдастығының Алматыдағы өкілдігі болуға әзір екенін білдірді. Жиын нәтижесінде қазақстандық спорт журналистері федерациясының президенті болып бірауыздан Илья Оразақов сайланды.


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера