Футболдан әлем чемпионаты матчтарын шетел телеарналарынан көрсеткен букмекерлiк кеңселер жазаланады - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Футболдан әлем чемпионаты матчтарын шетел телеарналарынан көрсеткен букмекерлiк кеңселер жазаланады

Футболдан әлем чемпионаты матчтарын шетел телеарналарынан көрсеткен букмекерлiк кеңселер жазаланады

2014 жылы Бразилияда өтетiн футболдан әлем чемпионатының матчтарын үш телеарна трансляциялайтын болады. Бұл туралы бүгiн «Қазақстан» РТРК Басқарма төрағасы Нұржан Мұхамеджанова мәлiм ет?

  • 12 Мамыр 2014
  • 346
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, телекөрермендер «Қазақстан» телеарнасының тiкелей эфирiнен 33 матчтың трансляциясын, «Еуразия бiрiншi арнасынан» 32 көрсетiлiмiн және «KAZsport» телеарнасынан барлық кездесулердi көре алады. Ал жабылу салтанатын 13 шiлдеде «Қазақстан» және «Еуразия бiрiншi арнасы» телеарналарынан тамашалауға болады.

«KAZsport» телеарнасының директоры Диас Ахметшәрiп атап өткендей, аталмыш үш телеарна Қазақстан аумағында футболдан әлем чемпионатын көрсету құқығын сатып алды. Сондықтан мейрамханалар, букмекерлiк кеңселер, өзге де кешендер ресейлiк немесе басқа шетел телеарналарынан футбол чемпионатын көрсеткенi үшiн әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылады.


«Соған байланысты тексерiстер мен рейдтер жүргiзетiн боламыз. Егер шетел телеарналары арқылы футбол матчтары трансляцияланса, тиiстi шаралар қолданылады», — деп атап өттi ол.

Айта кетейiк, қазақстандық комментаторлар мен тiлшiлер елдің спорт журналистикасы тарихында осындай шараны алғаш рет тікелей оқиға орнынан баяндайтын болады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера