«Қазақстан Барысы» палуандарын ММА аралас жекпе-жекке шақыруда - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазақстан Барысы» палуандарын ММА аралас жекпе-жекке шақыруда

«Қазақстан Барысы» палуандарын ММА аралас жекпе-жекке шақыруда

ММА федерациясы "Қазақстан Барысы" палуандарын аралас жекпе-жекте ел намысын қорғауға шақыруда.

  • 15 Мамыр 2014
  • 1827
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгiн Джиу-джитсу федерациясы мен Қазақстанның ММА президентi Анатолий Ким мәлiм еттi. 

"ММА спортында Қазақстан құрамасы ауыр салмақтағы спортшылардан тапшылық көрiп отыр. Олардың саны соншалықты көп емес. Менде "Қазақстан Барысы" жобасынан жiгiттер қызығушылық танытса, ММА спортына келуге шақырған болатынмын. Бұл сөз жоқ тiптi өзге формат, ережелерi бiршама қатал және жаттығу мәнерiнде де айырма бар. Аралас жекпе-жектен чемпион атануға барлық мүмкiндiктерi бар батырлар бiзде өте көп. ММА арқылы олардың алдына барлық спорт түрлерi шығады. Бiздiң спортта жекпе-жек спортының барлық түрлерi шоғырланған, оның iшiнде қазақша күрес, бокс және кикбоксинг те бар", — деп атап өттi ол. 

"Аралас жекпе-жек спорты өте әмбебап спорт болғандықтан, жұртшылық оны қызыға қарайды. Оны бiздiң ресми жарыстарымызға самбо, қоян-қолтық ұрыс, бокс пен кикбоксинг, тайбокс, күрес федерацияларынан жiгiттер қатысуынан көруге болады. Сондықтан ММА бiздiң палуандарымызға жол ашады. Мықты палуандар Қазақстанда жеткiлiктi, адами ресурстар өте жақсы, спорттық база бар, бiз осындай чемпиондарымызға барлық қаражатымызды жұмсайтын боламыз. Болашақта Федор Емельяненко сынды әлемдiк деңгейдегi ұлттық батырлар шығады деп есептеймiз", — дедi А. Ким. 



Айта кетейiк, мамырдың 22-24 күндерi Астанада ММА аралас жекпе-жектен Азия чемпионаты мен М-1 challenge 48 "Battle of Nomads" кәсiби турнирi өткiзiледi. Азия бiрiншiлiгiнiң ақтық сынын Дүниежүзiлiк ММА қауымдастығының құрметтi президентi Федор Емельяненко тамашалауға келедi деп күтiлуде. 

Жарысқа Қазақстан, Оңтүстiк Корея, Өзбекстан, Тәжiкстан, Қырғызстан, Ресей, Әзербайжан, Иран елдерiнiң апайтөс спортшылары қатыспақ.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера