Бұл туралы спортшы өзінің әлеуметтік парақшаларында: «Шоу кезінде жұлдыздармен жұмыс бойынша еріктілерді алып жатырмыз. Fluent English пен көтеріңкі көңіл-күй міндетті! Жұмыс тәжірибесі болса жақсы. Өздеріңіз жайлы мәліметтерді info@denisten.kz мекен-жайына жіберіп, хатта «stuff» тақырыбын көрсету керек», — деп жазған.
Еске сала кетейік, мәнерлеп сырғанаушының «Денис және оның достары. Олимпиада энергиясы» щоуына мәнерлеп сырғанаудан әлемдік жұлдыздар қатысады. Олар олимпиада чемпиондары Макисм Траньков, Татьяна Волосожар мен Эван Лайсачек, әлемнің бірнеше дүркін чемпиондары Мао Асада, Дайсуке Такахаши, Каролина Костнер. Танымал мәнерлеп сырғанаушылар Бриан Жубер, Стефан Ламбьель, Джоани Рошетт пен басқа да спортшылар.
Шоу Алматыда 29, 30 мамыр күндері, Астанада 1 маусым күні өтеді. Билеттерді Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайы мен «Меломан» желісінің дүкендерінен алуға болады. Одан жиналған қаржының бәрі Қазақстандағы балалар мәнерлеп сырғанауын дамытуға жұмсалады.