Қанат Ислам әлемнің ең қарқынды боксшылары тізіміне еніп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қанат Ислам әлемнің ең қарқынды боксшылары тізіміне еніп отыр

Қанат Ислам әлемнің ең қарқынды боксшылары тізіміне еніп отыр

Қазақстанның кәсіпқой боксшысы Қанат Ислам колумблиялық Франциско Кордероны жеңгеннен кейін былғары қолғап шеберлерінің рейтингісінде бірден 24 сатыға көтерілді, деп хабарлайды Vesti.kz.

  • 28 Мамыр 2014
  • 708
Фото - Caravan.kz

Қазіргі уақытта Қанат жалпы есепте 82-орында келеді, ал орта салмақ дәрежесінде үздік ондыққа енген. Boxrec.com порталы өзінің дәстүрлі әлемнің ең жылдам қарқын алып келе жатқан боксшылары тізіміне қазақстандық кәсіпқой спортшыны да кіргізіп отыр.

Айта кетейік, Қанат Ислам колумбиялық Франциско Кордеромен 23 мамыр күні кездесті. Үшінші раундта қарсыластың бапкерлері Қанаттың күшті соққыларынан кейін жекпе-жекті тоқтатып тастаған болатын. Осылайша, қазақ боксшысы техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Қанат үшін бұл -кәсіпқой бокста болған 17 кездесудегі 17-жеңісі.

Қазақстандық жыл соңында WBA белбеуін жеңіп алуға тырысатындығын жасырмауда.


Қанат Исламның КТК арнасындағы "Жүрекжарды" бағдарламасына берген сұхбаты. Күнтізбеде Қанат Ислам (03.08.2013)

                                                      Сұхбат

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера