IBF тұжырымының жаңа чемпионы Головкинді жекпе-жекке шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 460.8
  • 541.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
IBF тұжырымының жаңа чемпионы Головкинді жекпе-жекке шақырды

IBF тұжырымының жаңа чемпионы Головкинді жекпе-жекке шақырды

Австралиялық Сэм Солиман Феликс Штурмды жеңіп, IBF тұжырымы бойынша чемпион атанысымен, келесі кездесуін Геннадиймен өткізгісі келетінін жариялады, деп хабарлады sports.kz.

  • 2 Маусым 2014
  • 335
Фото - Caravan.kz


Ол жекпе-жек аяқталысымен «GGG, мен саған бара жатырмын» деген.

«Маған қазір достарым не айтатынын жақсы білем. Олар: Сэмми, райыңнан қайт, сен титулды алдың, атақтылармен айқасып тәуекелге барма», дейтін болар. Шынымды айтсам, мен үздіктермен сынға түсіп, өзімді тексеріп көргім келеді. Штурммен болған жекпе-жегімді АҚШ-та көрсеткені үшін қуаныштымын. Головкин оны көргені сөзсіз. Ол енді кіммен кездесетінін жақсы түсінген болар» деді австралиялық боксшы.