Отбасылық фестиваль алматылықтарға қуаныш сыйлады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+36 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Отбасылық фестиваль алматылықтарға қуаныш сыйлады

Отбасылық фестиваль алматылықтарға қуаныш сыйлады

"Бала отбасында өмір сүруі тиіс» жобасы жалғасын тапты. Бұл жолы ұйымдастырушылар алматылықтарға арнап  отбасылық фестиваль өткізді".

  • 10 Маусым 2014
  • 305
Фото - Caravan.kz

Демалыс күні шағын концерт пен түрлі қойылымдарды тамашалауға ағылған алматылықтардың қарасы көп болды. Шара барысында балалар үйінің тәрбиеленушілері мен түрлі қоғамдық қорлардың өкілдері өз өнерлерін паш етті. Бұдан бөлек, қолдан жасалған бұйымдар  көпшілік назарына ұсынылып, ойындар ойнатылды. 100-ге жуық отбасы  саябақта серуендеп, суретке түсіп, мерекелік демалыс өткізді. Ұйымдастырушылар мұндай шара әрбір шаңырақтың іргесі берік болуы үшін керек дейді.


Дана Кәрім, "Бала отбасында өмір сүруі тиіс» жобасының үйлестірушісі":

-Біз саябаққа барлық жанұяны шақырдық. Теледидар мен компьютердің  алдында отыра бермей, олардың мұнда келіп, бірігіп, көңіл көтеруін қаладық. Кішкентай балғындар да бір-бірімен ойнап мәз боп қалды.