Емханаға келушілердің дені, әсіресе, кардиолог мамандарға мұқтаж екен.Орталық дәрігерлері 1000-ға жуық науқасқа аурудан айығудың жолын көрсетіп, кеңес берді. Айта кетейік, осы ауруханада мұндай шара «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында жыл сайын өткізіліп келеді. Бұл күні науқастар тек пайдалы кеңестерге емес, болашақта тегін емделу мүмкіндігіне де ие болады. Ақ халаттылар алдағы күзде де осы сынды ашық есік күнін өткізуді жоспарлап отыр.
Сәуле Мәрденова, ҚР Президенті Іс басқармасы Орталық клиникалық ауруханасының бөлім меңгерушісі:
-Науқастардың білікті мамандарға қолы жетімді болуы үшін ауруханамызда ашық есік күнін өткіздік. Келушілер көп болды. Енді алдағы уақытта да ол науқастар біздің дәрігерлердің бақылауында болады.