Ауыл шаруашылығы министрлігінің экс-шенеунігі сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+36 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауыл шаруашылығы министрлігінің экс-шенеунігі сотталды

Ауыл шаруашылығы министрлігінің экс-шенеунігі сотталды

Суға бөлінген қыруар қаржыны жымқырған тағы бір шенеунік 4 жылға сотталды. 2011-2012 жылдары Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары болған Арман Құмашев Қарағанды облысындағы Сәтпаев арнасы үшін сатып алынған құрал-жабдықтың бағасын көтеріп көрсетіп, қыруар қаражатты қалтасына басқан.

  • 10 Маусым 2014
  • 234
Фото - Caravan.kz


Бюджеттің 1 жарым млрд. теңгесін жымқырды деп айыпталған оны Астана қалалық соты 4 жылға соттап жіберді. Арман Құмашевтің қолына кісенді қаржы полицейлері былтыр салған еді. 10 айдан бері уақытша тергеу қапасында жатқан экс-шенеунікке сот үкімі енді шықты. Ол бюджеттің қаржысын өз меншігіндей көріп, соған әйелі мен туыстарының атынан Астананың қақ ортасынан 3 бірдей элиталық тұрғын үй алған,  бірнеше көлік тұрағы, бильярд ойнайтын орталықтар ашып тастаған. Жалпы, бұл  Су ресурстары комитетіндегі алғашқы жемқорлық дауы емес. Комитетті 7 жыл бойы басқарған Анатолий Рябцев 2009 жылы дәл осы Сәтпаев арнасын жөндеуге бөлінген қаржыны жеке пайдасына жаратып, 4 жылға сотталған еді.