Қоғамға танымал адамдар тоғанға таласып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+36 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қоғамға танымал адамдар тоғанға таласып жатыр

Қоғамға танымал адамдар тоғанға таласып жатыр

Тоған үшін талас! Қостанайда бір топ ақын, жазушы, спортшылар су қоймасына араша түсті. Оның жағалауында қызу құрылысты бастап кеткен жергілікті атқамінерлер балығы ойнаған бұйра суды топырақпен бітеп тастамақ. Өйткені тұщы суға толы тоған бірінен соң бірі бой көтерген зәулім үйлерге коммуникация желілелрін жүргізуге кедергі келтіреді екен. Өзенді қорғап қалмақ боп айқайға басқан табиғат жанашыларын тыныштандыру үшін полиция қызметкерлерін шақыруға тура келді.

  • 10 Маусым 2014
  • 246
Фото - Caravan.kz

Спортшы, жазушы, суретші біткеннің бәрі өзен жағасында жүр. Сейіл құру үшін емес, мына дардай ауыр техникаларды сабасына түсіру үшін. Тұрғындар таңсәріден тоғанға түйірдей топырақ түсіртпей тұр. Суға жоласа болғаны, экскаватордың шөмішін сындырып жіберуге дейін бар. Ал жергілікті билік құрылысқа кедергі келтірген бүтіндей су қоймасын топырақпен жауып тастау жөнінде шешім қабылдапты. Бірақ осында бір мезгіл тынығып, балық аулауға әдеттенген дүйім жұрттан рұқсат сұрауды қажет санамаған. Тіпті, бөгетті жалға алып, балығын көбейтіп отырған Жеңіл атлетика федерациясы да бұлай болатынын бүгінге дейін білмеген. Ондағылардың айтуынша, суға топырақ шашпақ түгілі, маңайына құрылыс салуға да тыйым салынған. Ал әкімдіктегілер «Тоған мемлекеттің меншігі, қалай бітесек те, өз еркіміз» дейді.           


Валерий Полешко, Қостанай қаласы әкімінің орынбасары:

-Бұл жерді біз түгелдей тегістейміз. Орнына 2 бірдей балабақша және мың оқушыға арналған мектеп тұрғызамыз. 

Десе де тоғанды жоюға қарсылық білдірген жұрт ондағы балыққа жаны ашып, өлең де шығарып жатты.

Эра Рок, Қостанай қаласының тұрғыны:

-Өзенде балық өспей ме, көркейіп, көбеймей ме?

Тоғанға топырақ толтыру ісі тендерді ұтқан мердігер компанияға тапсырылған. Оны жоюды мемлекеттік комиссия да қолдапты. Бірақ әкімдіктегілер қулық жасап, комиссияға қаланың су қоймасы көрсетілмеген 60-шы жылдарғы сызбасын ұсынған дейді наразы жұрт. Табиғат жанашырлары ертең де келіп, ауыр техниканың жұмысына кедергі жасамақшы.