Құрылыс дүмпуі маңайдағы үйлердің төбесін ортасына түсіргелі тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+36 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құрылыс дүмпуі маңайдағы  үйлердің төбесін ортасына түсіргелі тұр

Құрылыс дүмпуі маңайдағы үйлердің төбесін ортасына түсіргелі тұр

Құрылыстың құрсауында қалғандар! Петропавлда салынып    жатқан көпқабатты үйдің маңында тұратындар өз баспаналары үшін  алаңдап отыр. Ескі үйлердің едені мен төбесінің құрылыстың дүмпуіне шыдайтын түрі жоқ. Ал олардың баспанасы тұрған жерді сатып аламын деген компания басшысы уәдесінде тұрмаған.  Тақырыпты тілшіміз тарқатсын.

  • 10 Маусым 2014
  • 352
Фото - Caravan.kz

Жерге бетон бағананы ұрып кіргізетін алып техника тұрғындарды таңғы сағат  алтыдан тік тұрғызады екен. Оның дүмпуіне мына екі үйдегілердің құлағы үйрене бастаса да,  баспаналары шыдайтын емес.

Мына пәтердің сол дүмпуден пеші мен құбырлары жарылған. Жалғызілікті әйел қыста қалай күн көремін деп зар жылап отыр. Жөндеу жұмысын не бастарын, не бастамасын білмейді.

Татьяна Мельчакова, Петропавл тұрғыны :

Таңертең жұмысқа кетсем де, кешке  келсем де қазықтарын қағады да  жатады. Көктемнен бері көрген күнім осы. Өзімнің қан қысымым жоғары. Түнде ұйқыдан қалдым.  Алдағы қыстан қалай аман шығарымды білмеймін. Үйімнің түрі мынау.

Бұл жерде 12 қабатты үш үй тұрғызамыз деген құрылыс компаниясы осыдан алты жыл бұрын тұрғындардың жер үйлерін телімдерімен қоса сатып ала бастаған. Бұл тізімге алғашқыда мына екі барақтағы  жеті отбасы да кіріпті.  Жер телімдері үшін құрылысшылар  оларға  жайлы пәтер не ақша  береміз деп сендірген. Алайда маңызды деген жерлердің  иелерімен келіскен компания басшылығы екі барақтың тұрғындарын алдап соққанға ұқсайды.  


Лариса Риянова , Петропавл тұрғыны:

-Мен барақтағы екі баспанамды жалғыз бөлмелі пәтерге ауыстыруға келісім бердім.  4 жанбыз.  Қызым мүгедек.   Компания басшысы бізбен келісімшарт жасасты. Қолымызда құжатымыз да бар. Енді келіп сендердің жерлерің бізге керек емес дейді.  

Тұрғындардың кезекті рет құрылыс компаниясы басшылығымен кездесеміз дегенінен түк шықпады. Басшының орынбасары түсініктеме сұрап барған өзімізге тап берді. 

Жоспар бойынша бұл жердегі  құрылыс бірнеше жылға созылмақ. Тұрғындар құрылыс компаниясы  ескі үйлердің өздігінен құлап қалуын әдейі  күтіп отыр дейді. Халықтың шағым айтып бармаған жері жоқ. Алайда олардың зарына құлақ асқан әзірге  ешкім табылмапты.