Павлодар облысында аяғы ауыр келіншек операция үстелінде көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+36 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында аяғы ауыр келіншек операция үстелінде көз жұмды

Павлодар облысында аяғы ауыр келіншек операция үстелінде көз жұмды

Павлодар облысында аяғы ауыр келіншек операция үстелінде көз жұмды. Жүктіліктің жетінші айында жүрген 19 жастағы Тамара Морозова перзентханаға жеткізілмес бұрын бірнеше күн ауырған. Ауыл дәрігері мұны жерік болудың әсері деп, екпе салыпты. Марқұмның күйеуі оны ажал тырнағына іліндірген дәл осы ине дейді. Өйткені жедел жәрдем әйелін жамбасы іскен күйінде алып кеткен.

  • 10 Маусым 2014
  • 391
Фото - Caravan.kz

Құрсақтағы  шақалағынан айырылып, артынша өзі де туғандарын боздатып кеткен Тамараның тағдыр-талайы қасіретпен тұйықталмайтындай көрінген. Жолдасы Дәурен екеуі таяуда ғана некелерін заңдастыруды жоспарлапты. Оның үстіне үміттерін үкілеп, ұл күтіп жүрген. Қуанышты хабарды естимін деп ойлаған жігіт енді әйелі мен жеті айлық баласын бейіт басында жоқтап отыр. 

Дәурен Балтабеков, марқұм Т.Морозованың күйеуі:

-Менің ойымша, жергілікті мамандар мен қаладағы дәрігерлер дұрыс қарамаған. Мұны бірнеше адамның аузынан естідім. Дәрігерлер оны бір жерге отырғызып қойып, жайбарақат қыдырып жүрген. Әйелім не жатқызатындарын, не босануға шақ қалғанын білмепті

Бұған дәрігерлердің қарсы уәжі бар. Марқұмға ота жасалмас бұрын өкпе тамырларында қан ұйып қалған. Білікті мамандар жас келіншектің өмірі үшін күрескендерімен, қолдарын кеш сермепті. 


Марат Мырзбеков, Павлодар қалалық ауруханасының анестезиолог-реаниматолог дәрігері:

-Операцияның алдында алдымен  бала қайтыс болды. Сол үшін операция жасалды. Бірақ та омірін сақтай алмадық. Диаогнозы – тромбоэмбалия дейміз. Тромбен өкпенің тамырлары  жабылып қалған.

Ал, жарымның жамбасын істіртіп, обал қылды деп жыларман күй кешкен 32 жастағы азамат полицияға арыз жазып үлгерді.

Перзентхананың әкімшілігі қайғылы жағдайға қатысты қызметтік тексеріс жүргізіп, еш кінәрат таппаған. Сондай-ақ, бүгін-ертең Денсаулық сақтау министрлігінде құрылған комиссия да марқұмның басы-қасында болған ақ халаттылардың ісін анықтамақ. Қалай дегенмен, өлімнің себебін білуге біраз уақыт қажет. Құзырлы орынның қарауына жіберілуі тиіс гистологиялық зерттеу де әлі қорытындыланбаған.