Алматы облысында жол апатынан 4 адам көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+36 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында жол апатынан 4 адам көз жұмды

Алматы облысында жол апатынан 4 адам көз жұмды

Алматы облысында екі шағын автобус соғысып, соның салдарынан 4 адам қаза тапты. Тағы 17 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Қайғылы оқиға бүгін түскі сағат екілер шамасында Алматы-Өскемен тас жолының 38-ші шақырымында болған.

  • 10 Маусым 2014
  • 262
Фото - Caravan.kz


Мерседес және Тойота шағын автобустары бетпе-бет соғылған. Алдын-ала болжам бойынша жапондық көлік жүргізушісі жылдамдықты шамадан тыс асырып, жолдың қарсы бетіне шыққан. Тас жолда адамдардың киімдері, бос құтылар мен қаннан аяқ алып жүру мүмкін емес. Апат салдарынан 3 адам сол жерде жан тапсырса, біреуі жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Жараланғандардың барлығы ауруханаға жеткізіліп, тиісті ем қабылдауда. Айта кетерлігі жолдың осы аймағында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілгендіктен, тек екі жолақпен қозғалуға мүмкіндік жасалған. Тиісті белгілердің қойылғанына қарамастан жүргізушілер жол ережесін бұзуды доғарар емес.