Әлемнің 16 елінің талантты балалары «Бәйтерек» монументінде өнер көрсетеді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+36 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемнің 16 елінің талантты балалары «Бәйтерек» монументінде өнер көрсетеді

Әлемнің 16 елінің талантты балалары «Бәйтерек» монументінде өнер көрсетеді

Астанада 3-7 шілде күндері Астана күнінің 10 жылдық мерекесінде бастау алған «Шаттық» V халықаралық жас таланттар фестивалінде

  • 10 Маусым 2014
  • 875
Фото - Caravan.kz

Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Грузия, Әзербайжан, Беларусь, Саха Республикасы, Татарстан, Ингушетия, Литва, Латвия, Болгария, Қытай, Түркия және Израиль елдерінің 700-ге жуық балалары бас қосады. 

«Шаттық» халықаралық жас таланттар фестивалінде балалар өз өнерлерін вокал, хореография, ұлттық орындаушылық, балалар сән театры, оригиналды жанр номинацияларында көрсетеді. Балалардың шат күлкісіне толы аталмыш мерекенің мақсаты талантты орындаушылар мен ұжымдарды іздеу, рухани әрі көркем талғам қалыптастыру, балалар ұжымдары репертуарын жаңарту және халықаралық байланысты кеңейту болып табылады. 

Фестиваль ұйымдастырушысы Астана қаласы әкімдігі осы күн елорда тұрғындары мен қонақтарының есінде қалуы үшін барын салмақ. Оның үстіне аталмыш шара Астана — Еуразияның мәдени орталығы деген жоғары мәртебеге ие.
4-6 шілде күндері балалар «Бәйтерек» монументі алдындағы алаңда өнер көрсетеді. Қатысушыларға КСРО Халық әртісі Бибігүл Төлегенованың басшылығындағы халықаралық қазылар алқасы баға беріп, сыйлықтар табыстайды.

«Шаттық» V халықаралық жас таланттар фестивалінің қазылары:



1. Төлегенова Б.А.- КСРО Халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері,
академик, қазылар төрайымы;
2. Акдәулетова К.А. — ҚР Еңбек сіңірген әртісі;
3. Дүйсекеев К.- композитор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері;
4. Сальникова А.В. — "Кобрине" халықаралық байқауының директоры, Белоруссия;
5. Текелиев Н. — эстетика докторы,ФИДОФ мүшесі, Болгария;
6. Томский А.И. — профессор, Ресей, Саха Республикасы;
7. Швильпе Е. — композитор, "Рижская симфония" байқауының директоры, Латвия.