«Джиро дИталия» жүлдегері Фабио Ару Қазақстанға ат басын тіремек - kaz.caravan.kz
  • $ 460.8
  • 541.21
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Джиро дИталия» жүлдегері Фабио Ару Қазақстанға ат басын тіремек

«Джиро дИталия» жүлдегері Фабио Ару Қазақстанға ат басын тіремек

«Джиро д'Италия» көпкүндігінің жүлдегері «Астана» велоклубының велошабандозы итальяндық Фабио Ару Қазақстанға келеді,

  • 10 Маусым 2014
  • 440
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды велокоманданың баспасөз қызметі.

Ару 19 маусым күні Астанада болады. Велошабандоз клубтың бас демеушісі — «Самұрық-Қазына» компаниясының басшылығымен, сонымен қатар «Астана» президенттік кәсіби спорт клубының жетекшілерімен, Қазақстанның велоспорт федерациясымен, Astanafans мүшелерімен кездеседі деп жоспарлауда. Сондай-ақ спортшы қазақстандық жас спортшыларға шеберлік сыныптарын өткізеді. 20 маусымда велошабандоз Алматыға барады.

Еске сала кетейік, «Астана» қазақстандық велоклубының мүшесі Фабио Ару «Джиро д'Италия» көпкүндігінде үшінші орын алған болатын.