ӘЧ-2014: Мундиальдiң алғашқы матчында Неймар Бразилия құрамасына жеңiс әкелді - kaz.caravan.kz
  • $ 460.8
  • 541.21
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ӘЧ-2014: Мундиальдiң алғашқы матчында Неймар Бразилия құрамасына жеңiс әкелді

ӘЧ-2014: Мундиальдiң алғашқы матчында Неймар Бразилия құрамасына жеңiс әкелді

Футболдан Әлем чемпионатының алғашқы матчында Бразилия құрама командасы Хорватияны 3:1 есебiмен тiзе бүктiрдi.

  • 13 Маусым 2014
  • 331
Фото - Caravan.kz

Алғашқы голды 11-минутта Бразилия құрамасының ойыншысы Марселло өз қақпасына дарытып алған болатын. Бұл олқылықтан кейiн алаң қожайындары хорватиялықтардың қақпасына лап қойды. Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймар 27-минутта Плетикоса қорғаған қақпаға доп дарытты. Бiрiншi таймда ойыншылар 1:1 есебiмен демалуға аттанды.

Екiншi кезеңде ойынның 71-минутында Неймар пенальтиден гол салып, алаң иелерiн алға шығарды. Ал ойынның аяқталуына сәл қалғанда бразилиялық ұжымның тағы бiр ойыншысы Оскар хорватиялықтардың қақпасына үшiншi голды тоғытып кеттi, қорытынды есеп — 3:1.

Айта кетейiк, матч Сан-Паулу қаласында "Арена Коринтианс" стадионында өттi. Ертең чемпионаттың үш матчы болады. Камерун Мексикамен, Испания Нидерландымен, Чили Аустралиямен кездеседi.