Бұл ойында әлем чемпионадары 1:5 есебімен жеңіліп қалған еді, деп жазады kaztrk.kz.
Валенсия қаласында сәулетші болып жұмыс істейтін 56 жастағы Джакобо Риос-Капапе жалпы сомасы 135 мың АҚШ доллары тұратын бензин ұтып алды. Испаниялық отын компаниясы ұйымдастырған болжаушылар байқауына 120 мың адам қатысқан.
«Әрине, мен испаниялық футболшылардың жеңісіне үміттендім. Бірақ голландиялық футболшылар жеңіске жеткен жағдайда ірі есеп тіркеледі деп ойладым. Ертең Испания — Чили матчында 5:1 есебімен біздің футболшылар жеңіске жетеді деп бәс тігемін», — дейді Джакобо Риос-Капапе.