Елімізде арақ-шарап сату уақыты айтарлықтай шектелді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде арақ-шарап сату уақыты айтарлықтай шектелді

Елімізде арақ-шарап сату уақыты айтарлықтай шектелді

Енді кешкі 9-дан түскі 12-ге дейін алкоголь саудасына мүлдем тыйым салынып отыр. Қызу пікірталасқа себепші болған заңға  бүгін президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды.

  • 19 Маусым 2014
  • 718
Фото - Caravan.kz


Ащы суға қарсы бұлай қатаң шара қолдануымыздың себебі де бар. Өйткені қазір Қазақстан Орта Азия бойынша арақ ішуден көш бастап тұр. Еліміздегі әр адам жылына орташа есеппен 5 жарым литр таза этил спиртін сіміріп салады екен. Енді жаңа заң бойныша 21 жасқа толмағандарға алкоголь өнімін сатқан кәсіпкер әкімшілік жауапқа тартылып, ірі көлемде айыппұл төлейді. Сондай-ақ, бұдан-былай балабақша, мектеп, денсаулық сақтау мекемелері мен стадион және жанармай құю бекеттерінің аумағында шарап мүлдем сатылмауы тиіс. Бұл тыйымның бәрі құрамындағы спирті 30 градустан жоғары ішімдіктерге ғана қатысты. Сондай-ақ уақытпен арақ-шарап сатудың дәмхана, мейрамханаларға емес, тек дүкендерге қатысты екенін айта кетейік.