Владимир Кличко болгарлық боксшымен жұдырықтасқаны үшiн 6 млн. доллар сыйақы алады - kaz.caravan.kz
  • $ 460.8
  • 541.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Владимир Кличко болгарлық боксшымен жұдырықтасқаны үшiн 6 млн. доллар сыйақы алады

Владимир Кличко болгарлық боксшымен жұдырықтасқаны үшiн 6 млн. доллар сыйақы алады

К2 промоутерлiк компаниясы өзара кездескелi жатқан украиналық боксшы Владимир Кличко (65-3, 52 КО) мен IBF титулының үмiткерi болгарлық Кубрат Пулевтiң (20-0, 11 КО) алатын сыйақы көлемiн жариялады.

  • 20 Маусым 2014
  • 295
Фото - Caravan.kz

Allboxing.ru хабарлағанындай, украиналық боксшы жекпе-жектiң нәтижесiне қарамастан 5,8 млн. доллар алмақ. В. Кличко келiссөздер барысында жалпы 7,25 млн. долларды 80/20 пайыз көлемiнде бөлудi талап еткен.

Осылайша, болгарлық боксшы тек 1,45 млн. долларға қол жеткiзбек.


Кездесу 6 қыркүйекте Германияның Гамбург қаласында 02 World стадионында өтедi.