Бүгiн футболдан әлем чемпионатының үшiншi турында Мексика Хорватия құрамасын 3:1 есебiмен ойсырата жеңдi.Бiрiншi таймда қос құрама да өте сақ ойнады. Екiншi таймда мексикалықтар үсті-үстіне шабуылдады. Матчтың 72-минутында Рафаэль Маркес есеп ашып, мексикалық жанкүйерлерді қуанышқа бөледі. Шабыттанған оңтүстiкамерикалықтар 75-минутта екiншi голды салды, оның авторы - Андрес Гуардадо. Ал 82-минутта Хавьер Эрнандес есептi 3:0-ге жеткiздi. Төртiншi голды соғуға асыққан Мексика құрамасы 87-минутта өз қақпаларына гол өткiзiп алды. Перишич голсыз келе жатқан мексикалық қақпашы Очоаның көрсеткiшiне тоқтам салды.
Хорваттарды тiзе бүктiрген Мексика құрамасы 7 ұпаймен финалдық бәсекелерге жолдама алды. Айта кетейiк, бразилиялықтар А тобында 7 ұпай еншiлеп, бiрiншi орынмен плей-оффқа шықты. Ұпайдан кемшiн түскен Хорватия мен Камерун үйлерiне қайтатын болды.