ӘЧ-2014: Неймардың қос голы пентакмпеондарды плей-оффқа шығарды (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 460.8
  • 541.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ӘЧ-2014: Неймардың қос голы пентакмпеондарды плей-оффқа шығарды (ВИДЕО)

ӘЧ-2014: Неймардың қос голы пентакмпеондарды плей-оффқа шығарды (ВИДЕО)

Бүгiн футболдан әлем чемпионатының үшiншi турында Бразилия Камерун құрамасын 4:1 есебiмен ойсырата жеңдi. 

  • 24 Маусым 2014
  • 323
Фото - Caravan.kz

 Алғашқы голды бразилиялық шабуылшы Неймар ойынның 17-минутында салды. Дегенмен камерундықтар да қарап қалған жоқ, 26-минутта Джоэль Матип есептi теңестiрдi. 

Матчтың 34-минутында пентакампиондардың жұлдызы Неймар дубль авторы атанып, бұндай есепке келiспейтiндiгiн танытты. Екiншi таймда Фред бұл есептi еселей түстi. Ал ойынның соңғы минуттарында Фернандиньо 4-голдың авторы атанды. 

Осы жеңiсiнен кейiн бразилиялықтар А тобында 7 ұпай еншiлеп, бiрiншi орынмен плей-оффқа шықты. Хорваттарды тiзе бүктiрген Мексика құрамасы да 7 ұпаймен финалдық бәсекелерге жолдама алды. Ұпайдан кемшiн түскен Хорватия мен Камерун үйлерiне қайтатын болды.