ӘЧ-2014: Коста-Рика ширек финалға өттi (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 460.8
  • 541.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ӘЧ-2014: Коста-Рика ширек финалға өттi (ВИДЕО)

ӘЧ-2014: Коста-Рика ширек финалға өттi (ВИДЕО)

Бүгiн футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында өткен Коста-Рика-Грекия матчы пенальти сериясында 1:1 (5:3) есебiмен оңтүстiкамерикалықтардың пайдасына шешiлдi. 

  • 30 Маусым 2014
  • 441
Фото - Caravan.kz

Ойынның 52-ші минутында Брайан Руис костарикалықтарды алға шығарған болатын.

Алайда костарикалық қорғаушы Оскар Дуарте 66-шы минутта екiншi сары қағаз алып, алаңнан қуылды. Осы сәттi пайдаланып, гректер қарсыластар қақпасына шабуылдарды үдете түстi және бұл еңбектерi 90+1 минутта ақталды. Сократис Папастатопулос шабуылдардың бiрiнде есептi 1:1-ге жеткiзiп, ойынды овертаймға ойыстырды.

Дегенмен жеңiмпаз ол сында да анықталмады. Пенальтилер сериясында қарсыластар алма-кезек доп тепкен. Бұнда Коста-Рика қақпашысы Навас бiр пенальтидi қайтарып, командасына жеңiс әкелдi.



Ендi Коста-Рика құрамасы 5 шiлде күнi ширек финалда Нидерландымен кездесетiн болады.