Абель Санчес: Головкин қарсыластарының ішіндегі ең мықтысы - Гил - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Абель Санчес: Головкин қарсыластарының ішіндегі ең мықтысы - Гил

Абель Санчес: Головкин қарсыластарының ішіндегі ең мықтысы - Гил

WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша орта салмақта бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчес шәкіртінің кәсіби бокстағы мансабында ең тәжірибелі әрі табысты қарсыласпен кездесетіндігін мойындады.

  • 1 Шiлде 2014
  • 561
Фото - Caravan.kz

Сонымен қатар, оның пайымынша, экс чемпион Дэниел Гилдің ерекшелігі, шаршы алаңдағы белсенділігі, ал қарсыласын ұрып жығар қауқары жоқ, деп хабарлады Vringe.com.

«Гил Геннадийдің жолы түйіскендер арасында ең мықтысы екендігі сөзсіз. Ол ең үздік нокаутшы емес те шығар. Бірақ, егер қол жеткізген жетістіктерін саралайтын болсақ, онда ол Головкиннің барлық басқа қарсыластарының алдын орайды. Екі мәрте әлем чемпионы және екі рет ғана жеңілістің ащы дәмін татқан. Бұған қоса, оның бірі даулы жеңіліс», — деді А.Санчес.

Сонымен қатар ол Дэниелдің шаршы алаңдағы ұрыс мәнеріне де өз бағасын берген.


«Жоғарыда атап өткенімдей, ол нокаутшы емес. Бірақ, үстін-үстін соққыларымен, тәжірибесімен басым түсетіні бар. Геннадий кәсіби рингте мұндай боксшымен әлі кездескен жоқ. Егер Гил 100 пайыз дайын болмаса, шаршы алаңда қиын болады». — деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин мен Дэниел Гил арасындағы жекпе-жек 26 шілде күні Нью-Йорктегі 20 мың адам сиятын Madison Square Garden аренасында өтеді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера