ӘЧ-2014: Бүгiн Бразилия мен Германия финалға берiлер жолдаманы сарапқа салады - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ӘЧ-2014: Бүгiн Бразилия мен Германия финалға берiлер жолдаманы сарапқа салады

ӘЧ-2014: Бүгiн Бразилия мен Германия финалға берiлер жолдаманы сарапқа салады

Бүгiн Бразилияда өтiп жатқан футболдан әлем чемпионатының жартылай финалдық бәсекесiнде Бразилия мен Германия құрамалары өзара кiм мықтыны анықтайды. 

  • 8 Шiлде 2014
  • 488
Фото - Caravan.kz

Белу-Оризонти қаласы «Минерау» стадионында өткелi отырған матч Астана уақыты бойынша 02:00-де басталады. 

Айта кетейiк, бұл кездесуге бразилиялықтардың көшбасшысы Тиагу Силва мен команданың үздiк шабуылшысы Неймар алаңға шыға алмайды. 

Статистикаға келетiн болсақ, Германия мен Бразилия әлем чемпионаттарының рекордсмендерi болып табылады. Әлем бiрiншiлiктерiнде 220 гол соққан бразилиялықтар бiрiншi орында келе жатыр, ал Германия құрамасы 216 доп көрсеткiшiмен екiншi орында. Немiстер бiрiншiлiкте жалпы 104 матч өткiзiп, рекорд орнатса, бразилиялықтар 102 матчпен олардан қалысар емес. Өзара 24 кездесуде жартысынан көбiн бразилиялықтар жеңiске жеткен (+13=6-5, голдар 43-29). 

Роналдо мен Мирослав Клозе әлем чемпионаттарында 15 голдан салып, әлемдiк рекордта көш бастап келедi. 


Бразилия мен ГФР/Германия әлем бiрiншiлiгiнiң финалына 7 реттен шыққан. Бұл да ең үздiк көрсеткiш. 

Құрамалардың алдын ала құрамы: 

Бразилия: Жулиу Сезар — Майкон, Данте, Давид Луиз, Марселу — Паулинью, Луиз Густаву, Фернандинью — Оскар, Фред, Халк.

Германия: Нойер — Лам, Боатенг, Хуммельс, Хеведес — Хедира, Швайнштайгер, Кроос — Езил, Мюллер, Подольски.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера