Бұл туралы Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясының президенті (ФИФА) Йозеф Блаттер мәлім етті, деп жазады ВВС.
Қазіргі уақытта 11 қалада 12 стадион тізімде тұр, яғни Мәскеу, Калининград, Санкт-Петербор, Волгоград, Қазан, Нижний Новгород, сондай-ақ Самара, Саран, Дондағы Ростов, Сочи және Екатеринбор қалалары қамтылды.
Тек Мәскеуде біріншілік ойындарын бірден екі стадион қабылдайды. Атап айтқанда, матчтар «Лужники» стадионында және «Спартак» футбол клубының жаңа аренасында ұйымдастырылады.
Блаттердің сөзіне қарағанда, стадиондардың нақты саны «Ресей-2018» ұйымдастыру комитетімен талқыланғаннан кейін, қыркүйекте анықталады.
Биылғы Бразилиядағы футболдан әлем чемпионатының матчтары 12 стадионда өтті.