Жеңіл атлетикадан әлем чемпионы Торрин Лоуренс жол апатынан қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жеңіл атлетикадан әлем чемпионы Торрин Лоуренс жол апатынан қаза тапты

Жеңіл атлетикадан әлем чемпионы Торрин Лоуренс жол апатынан қаза тапты

Жеңіл атлетикадан әлем чемпионы американдық Торрин Лоуренс көлік апатынан мерт болды, деп хабарлады жергілікті БАҚ.

  • 30 Шiлде 2014
  • 539
Фото - Caravan.kz

Қайғылы оқиға түнде 25 жасар атлет жаттығудан кейін Джексонвилдегі үйіне келе жатқан жолда болған. Доңғалағы жарылған Лоуренс машинасын тоқтатып сыртқа шыққан мезетте қатты жылдамдықпен келе жатқан үлкен жүк көлігі автомобильді де, спортшы да жаншып өте шыққан. Лоуренс алған жарақаттан оқиға орнында көз жұмды.

2014 жылы мамырда Нассауда (Багама) болған жеңілатлетикалық эстафетада спортшы АҚШ командасының құрамында  алтын иеленген болатын. Ал шілдеде Лоуренс Бельгиядағы турнирде  400 метрлік қашықтықты 45,32 секундта бағындырып, өзінің жеке рекордын орнатты. 


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера