«Барыс» швейцариялық «Давосты» тізе бүктірді - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Барыс» швейцариялық «Давосты» тізе бүктірді

«Барыс» швейцариялық «Давосты» тізе бүктірді

Елорданың «Барыс»  хоккей клубы «Давоспен» (Швейцария) жолдастық кездесу өткізіп, 4:3 есебімен басым түсті, деп хабарлады қазақстандық команданың баспасөз қызметінен.

  • 31 Шiлде 2014
  • 476
Фото - Caravan.kz

Алғашқы кезеңде қарсыластарына 0:1 есебімен есе жіберген астаналықтар ойынның екінші жиырма минутында Роман Савченконың (Лакиза) арқасында 1 шайба салды. Ал осыдан шейін швейцариялық қақпашының  осал тұсын дөп басқан Майк Ландин (Даллмэн) командасын алға шығарды. Дегенмен, мұз айдыны қожайындары есепте теңестіре алды. Алайда олар мұндай есепті ұзаққа ұстай алмады.  Евгений Рымарев (Боченски) тағы да «Барыс» командасын алға жетелесе, Константин Руденко (Пушкарёв) астаналықтардың жеңісін еселей түсті. Бірақ,  соңғы минутта «Давос» 1 шайба салуға мүмкіндік алды. Осылайша, ойын 4:3  есебімен қазақстандықтардың пайдасына шешілді.

«Барыс» Швейцариядағы оқу-жаттығу жиыны аясында жергілікті «Давос» командасымен екі жолдастық кездесу өткізеді. «Давос» өңірдегі мықты командалардың бірі саналады. Ол — елдің бірнеше дүркін чемпионы, Шпенглер кубогының 15 мәрте иегері.


Екі команда арасындағы келесі ойын 3 тамыз күні Сурси қаласында Астана уақытымен сағат 20:00-де басталады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера