З.Дияс Цинциннатидің негізгі турниріне жолдама алды - kaz.caravan.kz
  • $ 460.8
  • 541.21
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
З.Дияс Цинциннатидің негізгі турниріне жолдама алды

З.Дияс Цинциннатидің негізгі турниріне жолдама алды

Қазақ теннисшісі Зарина Дияс АҚШ-тағы (Огайо) Цинциннатидің негізгі турниріне жолдама алды.

  • 11 Тамыз 2014
  • 365
Фото - Caravan.kz

Vesti.kz сайтынан алынған мәліметке қарағанда, әлемдік рейтингте 53-орында тұрған, Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина іріктеу сайысының финалында румын теннисшісі Моника Никулескуді 6:2, 6:2 есебімен тізе бүктірді. Іріктеу турнирінен Қазақстанның басқа өкілдері Ярослава Шведова мен Юлия Путинцева өте алмады.

Айта кетейік, Цинциннати турнирі 11-17 тамызда өтеді. Жүлде қоры 2,567 млн. долларға бағаланып отырған аталмыш жарысқа әлемнің Серена Уильямс, Симона Халеп, Агнешка Радваньска. Мария Шарапова, турнирдің өткен жылғы жеңімпазы Виктория Азаренко сынды мықты теннисшілері қатысады.