Астанада өтетін стрит-воркауттан әлем чемпионатына 75 елдің өкілдері қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада өтетін стрит-воркауттан әлем чемпионатына 75 елдің өкілдері қатысады

Астанада өтетін стрит-воркауттан әлем чемпионатына 75 елдің өкілдері қатысады

Қазан айының соңына таман Астанада стрит-воркаут пен стритлифтингтен әлем чемпионаты өтеді деп жоспарлануда. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне аталмыш спорт түрлерінен қазақстандық команданың бас бапкері Айтым Жақыпов мәлім етті.

  • 12 Тамыз 2014
  • 457
Фото - Caravan.kz

Бапкердің айтуынша, бастапқыда стрит-воркауттан чемпионатты өткізу қыркүйек айының соңына қарай жоспарланған болатын. Алайда, додаға қызығушылық артып, әлемнің түкпір-түкпірінен қатысушылардың тапсырысы жалғаса түскендіктен әлемдік біріншілікті өткізу мерзімі бір айға дейін шегеріліп отыр.

«Басында біз елордада өтетін біріншілікке қатысу үшін 35-40 шақты елдің өкілдерін күткен едік. Дегенмен, қызығушылықтың артқаны соншалықты бүгінгі таңда қатысуға 75 елден тапсырыс беріліп отыр. Бұл ретте қатысушылардың жалпы саны 150 адамды құрайтын болады», — дейді А.Жақыпов.

Оның сөзіне қарағанда, ұйымдастырушылар чемпионатты әлемдік біріншіліктің басты қағидаттарына сәйкес өткізуге ниеттеніп отыр. Мәселен, чемпионатта кәсіби төрешілерді аккредиттеу қарастырылады. Сосын допингтік бақылау зертханасы да жоспарланған.

«Жалпы стрит-воркаут бүгінде әлемге танымал спорттың түріне айналып отыр. Сондықтан да, Астанада өтетін чемпионат воркаутшылар үшін асыға күтетін әрі керемет оқиғаның біріне айналады деп сенеміз», — дейді бас бапкер.

Стрит-воркаут (street workout) — аулалардағы спорт алаңдарында түрлі жаттығулардың жиынтығынан тұратын бұқаралық спорттың бір түріне жатады. Соның ішінде белтемірде, брусьяда, шведтік жақтауларда, жазықтық сатылары секілді түрлі конструкцияларда, тіпті осындайларды қолданбастан жерде жасалатын жаттығулар жиынтығын осылай атайды.


Ал Қазақстанда стрит-воркаут спорт түрі ретінде ресми мойындалған,  қазір елімізде Street Workout федерациясы қызмет етіп келеді.
Чемпионат мира по стрит-воркауту соберет в Астане участников из 75 стран Чемпионат мира по стрит-воркауту соберет в Астане участников из 75 стран 
Чемпионат мира по стрит-воркауту соберет в Астане участников из 75 стран

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера