Қазақстан спорттың қысқы түрлері бойынша ASPU комитетін құру туралы бастама көтерді - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан спорттың қысқы түрлері бойынша ASPU комитетін құру туралы бастама көтерді

Қазақстан спорттың қысқы түрлері бойынша ASPU комитетін құру туралы бастама көтерді

Қазақстан Азияның спорт тақырыбында жазатын журналистеріне спорттың қысқы түрлері бойынша арнайы комитет құруды ұсынды,

  • 13 Тамыз 2014
  • 560
Фото - Caravan.kz

   деп хабарлады республиканың спорт баспасөзі қауымдастығының атқарушы комитетінен.

Оңтүстіккореялық Инчхон қаласында Азиялық спорт баспасөзі одағының (ASPU) 17-конгресі өтті, Қазақстан өкілдері бұл бастаманы сонда ұсынды.

Төрткүндік форумға азиялық континенттің 23 елінен 50-ден аса адам қатысты. Қазақстан атынан республиканың спорт баспасөзі қауымдастығының президенті Ильяс Омаров қатысты.

Конгресс барысында И.Омаров Алматыда 2017 жылы өткізілетін қысқы универсиадаға қатысты таныстыру рәсімін өткізді.Қазақстанда бүгінде бұл жобаны жоғары деңгейде дайындауға елеулі назар бөлініп отыр, деді ол. Ұйымдастыру комитетінің алдын -ала есебіне қарағанда, оған 50 елден қатыспақ.

Форум нәтижелері бойынша ASPU басшылығы И.Омаровқа одақтың арнайы белгісін табыс етті.


Мұндай келесі конгресс Бахрейн астанасы Манама қаласында өтеді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера