Лондонда Қазақстанның Конституция күніне арналған футбол турнирі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лондонда Қазақстанның Конституция күніне арналған футбол турнирі өтеді

Лондонда Қазақстанның Конституция күніне арналған футбол турнирі өтеді

16 тамызда Лондонда «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары арасында футболдан турнир өтеді, деп хабарлайды «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ баспасөз қызметі.

  • 15 Тамыз 2014
  • 306
Фото - Caravan.kz

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның Ұлыбританиядағы өкілдері ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары арасында Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған футбол турнирін ұйымдастырады. Жолдастық кездесулер Лондон қаласындағы Mile End Park стадионында өтеді», делінген хабарламада.

Бұл шараны ұйымдастырудағы мақсат — Ұлыбританиядағы қазақстандық студент жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

Ұйымдастырушы, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттарының бірі Данияр Досымбековтің айтуынша, додаға London, Reading, Colchester, Norwich, Southampton, Bath және  Newcastle қалаларының ЖОО-ларында білім алып жатқан қазақстандық студенттер атсалысады.


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера