Головкин нокауттардың шебері Рубиомен кездеседі - kaz.caravan.kz
  • $ 460.8
  • 541.21
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Головкин нокауттардың шебері Рубиомен кездеседі

Головкин нокауттардың шебері Рубиомен кездеседі

Геннадий Головкин АҚШ-та 18 қазан күні Марко Антонию Рубиомен кездеседі, деп хабарлайды вoxingscene.com.

  • 20 Тамыз 2014
  • 449
Фото - Caravan.kz

WBA чемпионы Геннадий Головкин мен WBC-ның уақытша чемпионы А.Рубио арасындағы жекпе-жек Калифорния штатындағы Карсон қаласының «Stub Hub Center» аренасында өтпек.

Рубио өз мансабында 66 жекпе-жек өткізді және кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген боксшыларды нокаутпен тізе бүктіріп, танымал болған өте шебер боксшы.

Бұның алдында хабарланғандай, шілде айының соңында Геннадий Головкин Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында австралиялық Дэниэл Гилді үшінші раундта сұлатып, өзінің 30-шы жеңісіне қол жеткізді.